Үкімет Семей өңірі тұрғындарына 2006-жылдың қаңтарынан бастап өтемақы төлей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Семей өңірі тұрғындарына 2006-жылдың қаңтарынан бастап өтемақы төлей бастайды

Үкімет Семей өңірі тұрғындарына 2006-жылдың қаңтарынан бастап өтемақы төлей бастайды

Үкімет Семей өңірі тұрғындарының жекелеген категориясына 2006-жылдың қаңтарынан бастап өтемақы төлей бастайды. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада үкімет басшысы Даниал Ахметов парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 344
Фото - Caravan.kz



«Ел президенті үкіметке депутаттық корпусқа ұсыныспен шығып, 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жоғары деңгейде зардап шеккен өңір тұрғындарына, сондай-ақ, 1940-1990-жылдар аралығында полигонның төтенше және максималды аймағында тұрған және қазір басқа аймақтарға қоныс аударған тұрғындарға өтемақы төлей бастау туралы бізге қосымша тапсырма жүктеді»,- деді үкімет басшысы.
«Сіздерден осы ұсынысты қолдауды өтінемін»,- деді үкімет басшысы. «Республика үкіметі тиісті есептерді қысқа мерзімде дайындап әкелуге әзір»,- деді ол.
Таяуда мемлекет басшысы үкіметке Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 2007-жылдан бастап өтемақы төлеуге тапсырма берген. Алдын-ала есеп бойынша азаматтарға бір мәрте ақшалай өтемақы беруге 14 млрд. теңге қажет.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта