Жарияланды: 40

Үкімет стратегиялық жоспарға өзгеріс енгізеді

Үкімет стратегиялық жоспарға өзгеріс енгізеді

Қазақстан да әлемнің өзге елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділік төмендеді

 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда жасалады. Ол елдің жаңа экономикалық бағытының орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын айқындайды", - деді Дәленов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, түзетулер кезінде экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, импорттың орнын басуды тиімді дамытуға, өңдеуші өнеркәсіпте терең қайта өңдеуді дамыту бойынша жаңа экожүйелер қалыптастыруға, инвестицияларды таргеттеп тартуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға басымдық беріледі.

"Жаһандық жағымсыз трендтер жыл басынан бері Қазақстан экономикасына әсерін тигізуде. Қазақстан да әлемнің өзге елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Ең көп зардап шеккен қызмет көрсету саласы, ол бірінші жартыжылдықта 5,6 процентке төмендеді", - деп атап көрсетті Дәленов.

Алайда экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Мәселен, тауарлар өндірісі 4,1 процентке өсті. Негізгі салалар - құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%).



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін