Үкімет Стресс активтері қорын құру туралы қаулы қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Стресс активтері қорын құру туралы қаулы қабылдады

Үкімет Стресс активтері қорын құру туралы қаулы қабылдады

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында 1 қарашада Стресті активтер қорын құру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 815
Фото - Caravan.kz

«Менің ойымша, Стресті активтер қоры бізге қажет және оны құруымыз керек. Ал оның капиталындағы қаржыны қайда және нақты қалай салу мәселесі әлі қосымша пысықтауды қажет етеді», деді қаулы қабылданғаннан кейін үкімет басшысы К.Мәсімов.

Премьер-министрдің айтуынша, нақты экономиканы несиелеуге мүмкіндік болуы үшін қаражат босатылады. «Босатылатын ақшаның бәрі ең алдымен шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын несиелеуге бағытталуы тиіс. Бұл салалар іскерлік белсенділікті қалыптастырады», деді үкімет басшысы.

Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, Стресті активтер қоры жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылатын болады және ол «Самұрық-Қазына» қорының сенімді басқаруына беріледі. Қордың бастапқы капиталы — 52 млрд. теңге. «Қордың негізгі мақсаты — банктер активтерінің сапасын жақсарту, банк секторына инвесторлардың сенімін арттыру жолымен еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар