Үкімет студенттердің демалысы кезінде жол ақысына жеңілдік көрсету туралы қаулыны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет студенттердің демалысы кезінде жол ақысына жеңілдік көрсету туралы қаулыны бекітті

Үкімет студенттердің демалысы кезінде жол ақысына жеңілдік көрсету туралы қаулыны бекітті

Бүгін, 20-шілдеде үкімет басшысы Даниал Ахметов "Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастарға өтемақы төлеу есебінен жолақысына жеңілдік көрсету жөніндегі" үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстан студенттерінің альянсы" қоғамдық қозғалысынан хабарлады.

  • 20 Шiлде 2005
  • 944
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың шілде айында қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңына сәйкес, білім беру гранты немесе несиелік жүйе шеңберінде білім алып жатқан жоғары оқу орнының әрбір студенті жазғы және қысқы демалыс кезінде қалааралық темір жол және автокөлік транспортымен қатынауға жеңілдік алу құқығына ие.

Алайда түрлі себептермен күні бүгінге дейін бірде-бір студент бұл құқықты жүзеге асыра алған жоқ. Осыған байланысты «Қазақстан студенттерінің альянсы» қоғамдық қозғалысы 2005-жылдың наурыз айында парламент пен үкіметке заңда көрсетілген жеңілдіктердің орнына студенттерге ақшалай өтемақы беру туралы өтініш жолдаған. Студенттердің өтінішін қабыл алған үкімет 7-сәуірде бұл мақсатқа бюджеттен 973,9 мың теңге бөлуге шешім қабылдады.
Бүгін бекітілген қаулыға сәйкес, студенттердің демалысы кезінде жол ақысына төленетін өтемақы мөлшері ЖОО студентері үшін 4 айлық есептік көрсеткіш немесе 3384 теңгеге, ал арнаулы орта білім беретін мекеме студенттері үшін 2 айлық есептік көрсеткіш немесе 1942 теңгеге тең. Өтемақы екі демалыс мерзіміне деп бір мәрте беріледі.

Перейти к новостям спорта