Үкімет студенттердің жолақысына жеңілдік көрсету мәселесін жуырда шешеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет студенттердің жолақысына жеңілдік көрсету мәселесін жуырда шешеді

Үкімет студенттердің жолақысына жеңілдік көрсету мәселесін жуырда шешеді

Үкімет демалыс кезінде студенттердің жолақысына жеңілдік көрсету жөніндегі құжатты алдағы бір аптаның ішінде бекітеді. Бұл туралы бүгін, 13-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2005
  • 403
Фото - Caravan.kz

Г.Гамарниктің хабарлауынша, білім министрлігі «Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастарға өтемақы төлеу есебінен жолақысына жеңілдік көрсету жөніндегі» үкімет қаулысының жобасын жасаған.

«Қаулының жобасы қазір үкіметтің қарауында, үкімет басшысы оған осы аптада қол қояды деп сенеміз»,- деді министрдің орынбасары.
Қаулы жобасына сәйкес, өтемақы мөлшері 4 айлық есептік көрсеткіште тең (3384 теңге) болмақ. 7768 теңге мөлшеріндегі өтемақы екі демалыс мерзіміне деп бір жолы беріледі.
Г.Гамарниктің айтуынша, бұл қаулы қаржымен қамтамасыз етілген. Бірақ ол қаржының мөлшерін нақтыламады.

Перейти к новостям спорта