Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі - Кәрім Мәсімов

"Депутаттармен ақылдаса келе үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келісті. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 0,5% деңгейінде қалдырмақпыз", -деді үкімет басшысы.

"Үкімет сонымен бірге депутаттардың ұсынысымен келісіп, Салық кодексінде инвестициялық салық преференцияларын экономиканың шикізаттан басқа барлық саласына қолдану туралы бөлім енгізуді ұйғарды", - деді премьер.