Жарияланды: 520

Үкімет жалдамалы тұрғын үй нарығын дамытуға басымдық беретін болады

Алдағы уақытта біз жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту жұмысына басты басымдық беретін боламыз. Бүгін zakon.kz порталындағы бейне-онлайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.

Үкімет басшысы хабарлағандай, қазіргі кезде Министрлер кабинеті ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді дамытуға арналған жаңа бағдарламаны қарастыруда. 2011-2012 жылдардың бюджетінде осы бағдарламаға қажетті қаражат бар. «Қазіргі кезде ипотека кез келген азаматқа шақ келе бермейді Ал жалдамалы тұрғын үй нарығына қарапайым халық көптеп қатыса алады. Сондықтан алдағы уақытта біз жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту жұмысына басты басымдық беретін боламыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін