Үкімет жалдамалы тұрғын үй нарығын дамытуға басымдық беретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жалдамалы тұрғын үй нарығын дамытуға басымдық беретін болады

Үкімет жалдамалы тұрғын үй нарығын дамытуға басымдық беретін болады

Алдағы уақытта біз жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту жұмысына басты басымдық беретін боламыз. Бүгін zakon.kz порталындағы бейне-онлайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.

  • 15 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz


Үкімет басшысы хабарлағандай, қазіргі кезде Министрлер кабинеті ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді дамытуға арналған жаңа бағдарламаны қарастыруда. 2011-2012 жылдардың бюджетінде осы бағдарламаға қажетті қаражат бар. «Қазіргі кезде ипотека кез келген азаматқа шақ келе бермейді Ал жалдамалы тұрғын үй нарығына қарапайым халық көптеп қатыса алады. Сондықтан алдағы уақытта біз жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту жұмысына басты басымдық беретін боламыз», — деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар