Жарияланды: 490

Үкімет жанармай бағасының шегін көтермек

Үкімет жанармай ақысын бұрынғы деңгейде ұстауға қауқарсыз. Бүгінде Мұнай және газ министрлігі баға шегін тағы қаншаға көтеру керектігін қарастыруда.

Шілде айында АИ-92 маркалы бензинді 102 теңгеден, АИ-80 маркасын 84, және дизельді отынды 87 теңгеден сату туралы шешім қабылданған-ды. Бір ай өтпей шешім өзгертілмек. Шенеуніктер бұны кеден шекарасының жойылуымен байланыстырады. Қазір біздегі сұйық отын Ресейге қарағанда 20 пайызға арзан екен. Онда жоғары октанды бензиннің бір литрі 135 теңге тұрады және одан әрі қымбаттауы мүмкін. Осылайша көршілес елге қарап, қазақстандық кәсіпкерлер де бағаны шарықтатып отыр. Шектен асқандарды министр дереу тәртіпке салатынын айтты. Енді тиісті заң да бар. Алайда жанармайдың көтерме саудасында ешқандай шектеу жоқ. Алдағы күндерде бұл мәселені жауапты орган сатушылармен бірге талқыламақ.

Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ министрі:

-Шектелген баға ептеп өсуі мүмкін. Бірақ баяғыдағыдай жанармайдың бағасы мүлдем өзгеріп, қайта-қайта жоғарылап немесе дефицит болуы мүмкін емес. Оған әбден шара қолдануға біздің мүмкіндігіміз бар деп санаймын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін