Үкімет жанар-жағармай мәселесі бойынша тұрақты жұмыс комиссиясын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жанар-жағармай мәселесі бойынша тұрақты жұмыс комиссиясын құрады

Үкімет жанар-жағармай мәселесі бойынша тұрақты жұмыс комиссиясын құрады

Жанар-жағармай бағасы негізсіз көтерілген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдау қажет.

  • 23 Тамыз 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жанар-жағармай бағаларын бақылау және тапшылығына жол бермеу жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясын құруды Роман Васильевичке тапсырамын. Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, баға негізсіз көтерілген жағдайда тиісті ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін», — деді Ә.Смайылов бірінші орынбасары Роман Склярға қарата.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Индустрия министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» компаниялары мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жіберуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы қажеттігін баса айтты.

«Сонымен қатар Цифрлық даму және Энергетика министрліктері дизель отынын сатудың тәуліктік лимиттерін бақылау жөніндегі ақпараттық жүйені тез арада жеделдетсін. Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егін орағы кезінде шаруаларды жанар-жағармаймен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстасын», — деді Әлихан Смайылов.