Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болды

Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болды

ҚР Үкіметі жанынан Мемлекеттік шекара комиссиясы құрылатын болады.

  • 21 Қараша 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті.

ҰҚК өкілінің айтуынша, Үкімет жанынан құрылатын комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының мақсаттылығын айқындап отырады.

«Комиссия құрамына мүдделі министрлік өкілдері, уәкілетті орган басшылары, шекара маңы облыс әкімдерінің бірінші орынбасарлары кіретін болады. Комиссияның жұмысшы органы ретінде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғаныс және тәртіп бөлімі айқындалады»,-деді Т. Стамбеков.

Оның сөзіне қарағанда, комиссияның негізгі міндеті — Қазақстанға төнуі мүмкін қатерлерді айқындау, оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау. Бұдан бөлек комиссия шекара саласы бойынша Қазақстанның ұлттық мүддделерін айқындап, осы бағыттағы саясатты жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар