Үкімет басшысы интернеттегі блогында: «Аймақтық азық-түлік қорларын басқаратын операторларды шұғыл түрде несиелендіру, диқандарға жиын-терім науқанына арнап несие беру мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ, 2011 жылы аймақтарды сататын бидаймен қамтамасыз етуге қатысты мәліметтер тыңдалды», — деп жазды.
Сонымен қатар, бүгінгі жиында аймақтардағы ірі инвестициялық және индустриалды жобаларды жүзеге асыру барысы мен Алматыдағы «Сайран» мегаауданының құрылысын аяқтау мәселелері қаралды.