Үкіметке электр қуатын өндіру саласында ойламды тарифтік саясат жобасын жасауға қажетті шаралар қолдану талабы жүктеледі - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметке электр қуатын өндіру саласында ойламды тарифтік саясат жобасын жасауға қажетті шаралар қолдану талабы жүктеледі - ҚР үкімет басшысы

Үкіметке электр қуатын өндіру саласында ойламды тарифтік саясат жобасын жасауға қажетті шаралар қолдану талабы жүктеледі - ҚР үкімет басшысы

Үкіметке 2003-жылдың 1-қарашасына дейін электр қуатын өндіру саласында ойламды тарифтік саясат жобасын жасауға қажетті шаралар қолдану талабы жүктеледі. Бүгін, 8-шілдеде Астанада өткен үкімет отырысында премьер-министр Даниал Ахметов тиісті министрліктер мен мекемелерге осындай тапсырма берді.

  • 8 Шiлде 2003
  • 493
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының пікірінше, еліміздегі қазіргі тарифтік реттеу саясаты электр қуатын өндіруші кәсіпорындарға өндірісті жаңалау мақсатына көлемді инвестиция салуға мүмкіндік бермей отыр.

Сол себепті инвестицияны ынталандыруға және орта мерзімдік кезеңде бағаны тұрақтандыруға жағдай жасайтын баға есептеу әдістемесін қолдану арқылы электр қуатын өндіру саласында тарифтік саясатты жетілдіруге мүмкіндік бар,- деді Даниал Ахметов. Бұл — еліміз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыс,- деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Сонымен қатар Д.Ахметов «Солтүстік-оңтүстік» бағыттағы электр тарату желісінің екінші желісін тарту қажеттігіне баса назар аударды. Бұл — Қазақстанның транзиттік мемлекет ретіндегі саясатын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді,- деді үкімет басшысы.
Осыған байланысты үкімет басшысы энергетика және минералды ресурстар министрігі мен «КЕГОК» Ұлттық компаниясына 2003-жылдың 1-тамызына дейін «Солтүстік-оңтүстік» бағыттағы электр тарату желісінің екінші желісін тарту жобасын жүзеге асыруға бағытталған ұсынысты үкімет талқысына ұсыну туралы тапсырма берді. Өз кезегінде Қазақстан Даму банкі жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыстың белсенді ынтымақтастық сипатына ден қоюы тиіс,- деді үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар