Үкіметке Қазақстанның 2007-2015-жылдарға арналған транспорттық стратегиясының жобасын жасауға тапсырма берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметке Қазақстанның 2007-2015-жылдарға арналған транспорттық стратегиясының жобасын жасауға тапсырма берілді

Үкіметке Қазақстанның 2007-2015-жылдарға арналған транспорттық стратегиясының жобасын жасауға тапсырма берілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Қазақстанның 2007-2015-жылдарға арналған транспорттық стратегиясының жобасын жасауға тапсырма берді. Бүгін, 21-қарашада Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы осындай тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 798
Фото - Caravan.kz

«Ең алдымен барлық негізгі коммуникациялық темір жол және автожол дәліздерін, сондай-ақ, көлік түрлері мен жүк өңдеу арасындағы технологиялық ықпалдастықты қамтамасыз ететін транспорттық-логистикалық тораптарды қалыптастыру қажет. Екіншіден, көлік қызметі рыногын дамытып, жүк транзиті мен тасымалы барысындағы әкімшілік-процедуралық кедергілерді жою қажет. Үшіншіден қызмет сапасының халықаралық стандарттарын енгізу керек»,- деді президент.

«Біз Қазақстанның транспорттық кешенін Еуразиялық көлік жүйесіне интеграциялап, транспорттық дәлідердің сыртқы нарыққа шығатын ендік-меридиандық жүйесін құруға тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев. «Бұған қоса біз сыртқы рынокқа шығатын басты қақпаларымыз — Ақтау теңіз айлағы мен «Достық» бекетін заманауи жаңалап, Астана және Алматы қалаларындағы транпорттық жүйлерді «тораптық» принципке сәйкес қалыптастыруымыз қажет»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта