Білім және ғылым министрлігі «Байқоңыр» кешенінің ғарыштық инфрақұрылымын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған» салалық бағдарламасының жобасын әзірлегені атап өтілді.
Премьер-министр аталған бағдарлама аясында денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу нысандарының құрылысына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар қалада 1500 орындық мектеп пен 800 төсектік перзентхана құрылысы жүріп жатыр.
Толықтай алғанда, премьер-министр ғарыштық бағдарламаның жалпы іске асырылуына оң баға берді.