Үкіметте "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" заң жобасы қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" заң жобасы қаралды

Үкіметте "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" заң жобасы қаралды

Үкімет үйінде премьер-Ммнистр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" заң жобасы қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2005
  • 990
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында аталған жоба қолданыстағы монополияға қарсы заңнамалық қызметті жетілдіру мақсатында әзірленіп, ағымдағы жылғы сәуірде парламентке жіберілгені атап өтілді. Бірақ ол 21 қыркүйекте депутаттардың кейбір ескертпелерімен үкіметке қайтарылған. Қазіргі кеңеске ұсынылған жоба, оны әзірлеушілердің сөздері бойынша, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып қайта пысықталды.

Кеңес жұмысына қатысқан парламент мәжілісінің депутаты, экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитеттің хатшысы Шәймерден Оразалинов заң жобасының аталған нұсқасының ережелерімен келісті.
Құжаттың түсіндірме жазбасының кіріспесінде келтірілгендей, жобаның ережесінде монополияға қарсы органның мәртебесін айқындау, оның жұмыс істеуінің горизонталь жүйесі қарастырылған. Сонымен бірге жобада рынок субъектілері мен мемлекеттік органдардың монополиялық қызметті жүзеге асыруға тиым салу, мемлекеттік органдардың рынок субъектілеріне қарым-қатынасы бойынша бәсекелестікке қарсы іс-әрекетін уәкілеттік органдардың айқындау тәртібі, рынок субъектілерінің экономикалық шоғырлануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның жұмысын бекіту нақты белгіленген. Бұдан басқа, заң жобасында уәкілетті орган жүргізетін, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа тексеріс жүргізу жөніндегі нормалар алғаш рет белгіленген.
Ұсынылған ақпаратты және кеңеске қатысушылар пікірін тыңдай келе, премьер-министр жауапты адамдарға оны парламентке алдағы уақытта енгізу үшін жобаға сараптама жасауды үш күн мерзімде аяқтауды тапсырды. Осы ретте, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі 2006 жылға арналған бюджет туралы заң жобасының индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдарын құру және қалыптастыруға қосымша қаражат бөлу бөлігіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруы қажет.

Перейти к новостям спорта