Үкіметте елімізде пластмасса өндіру мүмкіндіктері қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте елімізде пластмасса өндіру  мүмкіндіктері қаралды

Үкіметте елімізде пластмасса өндіру мүмкіндіктері қаралды

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Кеше премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте мұнай химиясын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі пластмассаларды шығару үшін қажет хош иісті қосылыстарды өндіру жөніндегі жобаны іске асыру келешегіне талқылау жалғасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметінпе сілтеме жасап.

  • 13 Шiлде 2006
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін өткен жиналыстарда жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Корейдің «СS Caltex» компаниясымен бірлесіп іске асыруының түрлі жолдары талқыланғаны айтылды. Талқылау барысында өндірісті ұйымдастыруда екі компанияның екі түрлі тәсілді қолданатындығы анықталған. Кеңесте тараптар ортақ бір шешімге келуге тырысты.

Ұсыныстарды тыңдаған үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Корейдің «СS Caltex» компаниясымен бірлесе отырып, жобаның барлық нұсқаларын талдап, барлық есептерді келісіп, ортақ шешім шығарып, келесі аптада оны үкіметке ұсынуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта