Үкіметте Елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте Елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі қаралды

Үкіметте Елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі қаралды

Үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Қазан 2005
  • 290
Фото - Caravan.kz

Отырыста «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы талқыланды. Кеңесте атап өтілгендей, жобаны Астана қаласының әкімшілігі Еуропа Қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірлеуді жүзеге асырады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін халықаралық байқау қорытындысы бойынша «Trans Tec» неміс компаниясы дайындаған. Мұндай көлік жүйесінің құрылысын әлемдік тәжірибесі негізінде зерттеген компания сарапшылары Астана қаласы үшін арнайы көлік жүйесін ұсынып отыр. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттар дайындалғаннан кейін, Астана әкімшілігі аталған жобаға қажетті технологиялық жабдықтар мен жол жүйесін тартуға халықаралық байқау жариялайтын болады.

Ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, үкімет басшысы кеңесте айтылған пікірлерді ескеру негізінде жобаны қайта пысықтауды тапсырды.

Перейти к новостям спорта