Тиісті бағдарламаның жобасын ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған. Аталған құжат Қазақстанның ағымдағы жай-күйіне, оны дамытудың басымдықтарына, қаржыландыруға және өзге де мәселелерді талдауға арналған бөлімдерден тұрады.
Кеңеске қатысушылардың айтулары бойынша, аталған салада жүргізілетін реформаның негізгі мақсаты –Қазақстанның зияткерлік әлеуетін сақтау, халықаралық ғылыми қоғамдастыққа ықпалдастыру және қосылу болып табылады.
Даниал Ахметов білім және ғылым министрлігіне ұсынылған жобаны кең көлемде талқылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Атап айтқанда, осы мақсатта еліміздің барлық ғылыми ұйымдарының басшылары мен өкілдерін шақыра отырып, үлкен кеңестерді ұйымдастыру және өткізу тапсырылды.
Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде мемлекет пен отандық ғылыми орта алдында нақты ғылыми-техникалық саясатты анықтау, ғылыми орталықтарды дамыту және әлемдік деңгейдегі ұжым құру міндеті тұр.