Үкіметте "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті одан әрі шектеу мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті одан әрі шектеу мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды

Үкіметте "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті одан әрі шектеу мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды

Бүгін, 25-сәуірде үкімет басшысы Даниал Ахметовтың басқаруымен кеңес өтіп, онда "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті одан әрі шектеу мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқылау жұмысы одан әрі жалғасты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бұған дейінгі отырыста заң жобасының жекелеген баптары бойынша біртұтас ұстанымға келу үшін үкімет басшысы жұмыс тобына енгізілетін түзетулердің ҚР Конституциясы мен Конституциялық заңнамаларға, сондай-ақ, басқа да заңнамалық актілерге сәйкестігін жан-жақты тексеруді міндеттеген.

Бүгінгі отырыста атап көрсетілгеніндей, ұсынылған заң жобасы заңнамаға сәйкес және өкілеттілік аясын шектеу процессін жүзеге асырудың барлық қырларын қамтиды.
Үкімет басшысы тұтастай алғанда заң жобасын мақұлдап, алдағы тәуліктерде қол қоюға ұсынуды тапсырды.
Мемлекеттік басқару органдарындағы әкімшілік реформаларды жүзеге асыру жөніндегі заң жобасына қатысты жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

Перейти к новостям спорта