Үкіметте мемлекеттік иммиграциялық саясатқа қатысты мәселелер талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте мемлекеттік иммиграциялық саясатқа қатысты  мәселелер талқыланды

Үкіметте мемлекеттік иммиграциялық саясатқа қатысты мәселелер талқыланды

Кеше, 27-қазанда үкіметте премьер-министрдің орынбасары Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте мемлекеттік иммиграциялық саясаты мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қыз мепті хабарлады.

  • 28 Қазан 2005
  • 544
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, кеңесте жақында Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының III құрылтайы барысында талқыланған, атамекеннен тыс жерде тұратын этникалық қазақтардың тарихи отанына оралу процесінің кейбір қырлары талқыланды. Атап өтілгеніндей, Қазақстан егемендігін алған жылдары 450 мыңнан астам оралмандар отбасын қабылдады. Оларға оралман мәртебесі берілгеннен кейін, олар әлеуметтік төлемдер, жер учаскесін иелену, балаларын оқу орындарына түсу квотасы, мүліктерін тасымалдау кезінде кедендік төлемдерден босатылу, азаматтық алудағы рәсімдердің қысқартылуы,жұмысқа тұру, қайта оқыту және басқа да түрде мемлекеттік қолдауға ие болады.

Сонымен бірге, кеңеске қатысушылар атап өткендей, осы заманғы мемлекеттік көші-қон саясатының үрдістеріне жауап беретін, көші-қон мәселелеріне қатысты заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру талап етіледі.
Сондай-ақ кеңесте қоныс аударушылар бейімделу үшін типтік орталық құрылысы қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Талқылау нәтижесінде премьер-министрдің орынбасары оралмандардың құқықтары мен мәртебесін айқындайтын, мүдделі мемлекеттік органдардың функциясы нақты белгіленген, халықтың көші-қоны жөніндегі жұмыс тобын құру туралы органдарға тиісті тапсырма берді.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан президенті бекітетін оралмандардың туған еліне оралу квотасына посткеңестік кеңестікте балама жоқ және оның саны жыл сайын ұлғайтылуда. Биылғы жылы квота бойынша 15 мың оралман отбасы қабылданады. Бұдан басқа, билғы жылдың басынан бері Қазақстанға өз бетімен 30 мың отбасы қоныс аударды.

Перейти к новостям спорта