ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев пен «Қазақстан» телеарнасының президенті Ғалым Доскен үкімет басшысына телевидение саласын дамытудың келешегіне қатысты кең көлемді ақпарат берді.
Осы орайда еліміздегі телехабарларды таратушы ірі компанияның бас кеңсесін Астанаға көшіру жайы талқыланды.
Үкімет басшысы техникалық жабдықтау және қаржыландыру тұрғысынан «Қазақстан» телеарнасы тиісті деңгейде екенін атай отырып, телекомпанияның бас кеңсесін Астанаға көшіру мерзіміне қатысты сұрақтар қойды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті министрліктер мен мекемелерге республикамыздағы телехабарларды тарату саласын дамытуға қатысты тапсырмалар берілді.