Үкіметте Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мәселелері талқыланды

Үкіметте Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мәселелері талқыланды

Бүгін, 5-сәуірде үкіметте өткен кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру үшін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құруға қатысты мәселелер талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 856
Фото - Caravan.kz

Кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы» ақпараты тыңдалды. Атап айтқанда, Салық кодексінің арнайы экономикалық аймақ аумағында салық тәртібіне, соның ішінде тоқыма және тігін өнеркәсібіне қатысты жеңілдіктерді жүзеге асатын қызмет түрінің тізбесіне өзгерістер енгізу көзделген.

Бұдан басқа, экономиканың шикізат емес секторына инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жаңа өндірістер құру жөніндегі инвестициялық жобалар аясында арнайы экономикалық аймақ аумағында экономиканың мақта мен тігін саласында жұмыс жүргізетін және тіркелген ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан толық босату жөніндегі шараны енгізуді қарастырады.
Соның арқасында, ұзақ мерзімді инвестицияны ынталандыру үшін, кейбір жағдайда (қызмет түрлерінің тәуелділігі мен белгіленген активтегі инвестиция көлеміне қарай) үкімет 10 жылдан кем емес мерзімге жеңілдіктер белгілеуді ниет етіп отыр.
Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық аймақ құру жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлеу үшін жүргізілген жұмысты оң бағалай келе, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ҚР қаржы министрлігімен және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жобаның аясындағы барлық мәселені мүдделі ведомствомен келісуді қамтамасыз етуді және оны үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта