Үкіметте өткен кеңесте еліміздің оңтүстік облыстарындағы әлеуметтік ахуал сарапталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте өткен кеңесте еліміздің оңтүстік облыстарындағы әлеуметтік ахуал сарапталды

Үкіметте өткен кеңесте еліміздің оңтүстік облыстарындағы әлеуметтік ахуал сарапталды

Бүгін, 12-тамызда үкімет басшысының орынбасары Бірғаным Әйтімованың басқаруымен кеңес өтіп, онда Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы әлеуметтік сала мәселелері қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Тамыз 2004
  • 474
Фото - Caravan.kz

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары жергілікті әлеуметтік сала мәселелері туралы таныстырды. Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру ауқымында денсаулық сақтау саласының жағдайымен таныстырған әкімдердің орынбасарлары, атап айтқанда, фельдшерлік-акушерлік қосындар мен селолық дәрігерлік амбулаториялар желісін, 90-ыншы жылдардың ортасында негізсіз жабылып қалған басқа да әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жөнінде әкімшіліктер атқарған жұмыстармен таныстырды.

Мәжіліс барысында, екі облыстың да білікті медициналық кадрлерге, медицина дәрі-дәрмектеріне, автокөліктер мен алғашқы медициналық көмек көрсететін арнайы жабдықтарға мұқтаждығы атап көрсетілді.
Әкімшіліктердің қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарына оң баға берген Бірғаным Әйтімова, сонымен бірге, мәжіліске қатысушылардың назарын тегін медициалық көмек көрсетудің кепілді көлемі ауқымында көмек көрсету мәселелеріне аударды.
Кеңес қорытындысында үкімет басшысының орынбасары Денсаулық сақтау министрлігіне телемедицинаны қолданысқа енгізуге бағытталған Алматы облысының тәжірибесі мен көшпелі диагностикалық-емдеу кешенінің жұмыс тәжірибесін көпшілікке тарату туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта