Үкіметте Қазақстанда аутсорсингті дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте Қазақстанда аутсорсингті дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

Үкіметте Қазақстанда аутсорсингті дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті

Кеше, 21-қарашада үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен Қазақстанда аутсорсингті дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті.

  • 22 Қараша 2005
  • 643
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, ұлттық компаниялардың негізгі жұмыс бағытына жатпайтын қызмет түрлері мен активтерін бәсекелі ортаға беру жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы әңгіме болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында министрліктер мен ұлттық компаниялар басшыларының атқарылған жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні 12 ұлттық компанияның ішінде екі компанияның -«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басты қызмет бағытына жатпайтын активтері бар болса, профильдік емес қызмет түрлерімен 5 компания: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «КЕГОК» АҚ және «Қазатомпром» АҚ айналысады.
Қазіргі кезде кеңеске қатысушылардың ақпараты бойынша, аталған компаниялар бірқатар «еншілес» және «немерелес» ұйымдары бойынша сауда-саттық өткізіп, профильдік емес активтерін бәсекелестік ортаға беру туралы рәсімдерді жүзеге асыруда. Олардың арасында көшірме және көбейткіш техникаларға техникалық қызмет көрсету, телефон және спутниктік байланыс қызметін көрсету, медициналық қызмет көрсету, сервистік қызмет көрсетудің барлық түрі, сондай-ақ компания қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін өзге қызмет түрлерін орындайтын ұйымдар бар.
Ұсынылған ақпаратты тыңдаған соң, премьер-министр бағдарламаны іске асыруды жалғастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, үкімет басшысы мұндай рәсімді одан әрі жан-жақты зерттеп, ондай мекемені бәсекелестік ортаға беруді жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан басқа, олар бойынша сауда-саттық әрдайым барынша ашық болуы тиіс, деп атап өтті премьер-министр.
Үкімет басшысы министрліктерге, ведомстволар мен ұлттық компанияларға атқарылған жұмысқа толық талдау жасап, үкіметке ұсынуды тапсырды. Мүдделі министрліктерге бағдарламаны әр бағыт бойынша іске асыруды тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта