Үкіметте С. Ахметовтың төрағалығымен «Жасыл экономика» бағдарламасы талқыланады
ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметовтың төрағалығымен экологиялық қатерлерді төмендету бойынша отырыс өтеді. |
«Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында алдағы аптада Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен «Жасыл экономика» бағдарламасының дамуы мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіледі»,-деп атап өтті бүгін өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі А. Әбибуллаев.
Отырыс барысында экологиялық қауіп-қатерлерді төмендету және энергияның жаңа баламалы көздеріне негізделген технологияларды дамыту мәселелері де қарастырылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін