Үкіметте тарифтік саясат мәселесі жөнінде кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте тарифтік саясат мәселесі жөнінде кеңес өтті

Үкіметте тарифтік саясат мәселесі жөнінде кеңес өтті

Үкіметте премьер-министр кеңсесінің басшысы Алтай Тілеубердиннің төрағалық етуімен тарифтік саясат мәселесі жөнінде кеңес өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, су шаруашылығы мен кәріздік жүйе саласындағы құзырлы органдарды анықтауға, сондай-ақ магистральды құбырлар бойынша газ тасымалдау қызметінде тарифті біріздендіруге қатысты бірқатар мәселе қаралды. Кеңесте атап өтілгеніндей, кәріздік жүйе саласында құзыретті органның болмауына байланысты, тиісті нормалар мен нормативтерді бекітуге арналған субьектілер өтінімін кері қайтаруға мәжбүр болуда.

Осыған байланысты премьер-министр кеңсесінің басшысы қалыптасқан жағдайдың байыбына жетуді тапсырды, осы ретте, аталған мәселені шешу салмақты пысықтауды талап ететінін атап өтті. Нақты ұсыныстар әзірлеу және негізу үшін мүдделі органдардан ведомствоаралық сарапшылардың жұмыс тобын құру қажет,- деді Алтай Тілеубердин.
Газ тасымалдау қызметінде тарифтерді біріздендіру мәселесін қарау кезінде сарапшылар аталған рәсімге байланысты бағаның өсуі тұтынушыларға айтарлықтай ықпал етпейтінін атап өткен. Сарапшылардың айтуларынша, тарифтерді біріздендіру Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыс тобының талаптарының бірі болып табылады.
Жалпы, ұсынылған ақпартты тыңдай келе, А.Тілеубердин табиғи монополияны реттеу агенттігіне ішкі республикалық және экспорт-импорт бағыттарында газ тасымалдауда тарифті біріздендіру туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта