Үкіметтегілер үлескерлер мәселесі келесі жылы шешімін табады деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтегілер үлескерлер мәселесі келесі жылы шешімін табады деп отыр

Үкіметтегілер үлескерлер мәселесі келесі жылы шешімін табады деп отыр

Үкіметтегілер үлескерлер мәселесі келесі жылы шешімін табады деп отыр. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, 2007 жылы болған дағдарыс кесірінен құрылысы тұралаған 450-ден астам тұрғын үй алдағы жылы толық бітірілмек.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 248
Фото - Caravan.kz

Сол қаржы тапшылығы кезінде елімізде 70 мыңға жуық үлескер жапа шегіпті. Бүгінге дейін соның 63 мыңының мәселесі шешілсе, қалғаны әлі де тиесілі пәтеріне қол жеткізе алмай жүр екен. Қайырбек Өскенбаев бұл үлескерлердің әрқайсысының аты-жөнін білеміз деп отыр. Вице-министрдің сөзіне сенсек, олардың барлығы келер жылдың бірінші жартысында зарыға күткен баспаналарына қол жеткізеді екен. Қазір осы мақсатта жұмыс қыз жүріп жатыр дейді Өскенбаев мырза.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

— Барлық мәселе шешімін тауып жатыр. Тек, 2 мыңнан астам үлескерге арналған 16 үй бітпей тұр. Соның ішінде 9-ының құрылысы жақын аралықта аяқталады. Қалғанының да құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар