Үкіметтік делегация «Қорғас» ШМЫХО-ның жұмысымен таныспақ
![]() |
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған үкіметтік топ бүгін Алматы облысына жұмыс сапарын жалғастырады. |
Қ.Көшербаев қазіргі кезде Панфилов ауданында жүр, мұнда ол Алтынкөл стансасының қасындағы Нұркент кентіндегі әлеуметтік нысандардың құрылысы барысымен және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының маңызды буыны ретінде ҚР көліктік-логистикалық жүйесін дамыту үдерісіндегі басты рөлді атқарып отырған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығының жұмысымен таныспақшы.
Үкіметтік жұмыс тобы Іле ауданының ірі нысандарына барады. Мұнда «Алматы және Алматы облысының серіктес 4 қаласының құрылысы» » (G-4 City) жобасы іске асырылуда. Кездесу барысында атап өтілгендей, Алматыға тікелей іргелес жатқан облыс аумағы Алматы облысының юрисдикциясын сақтай отырып елдің ірі мегаполисінің шоғырландырылуы ретінде қалыптасуда.
Жұмыс сапарының қорытындылары облыс активімен өтетін кеңесте шығарылады. Онда проблемалық сұрақтарды шешу жолдары талқыланып, аймақты дамытудың негізгі басымдықтары белгіленеді.
Алматы облысында индустриялық-инновациялық жобалар ерекше нәтижелілікпен даму үстінде. Осылайша, 2010-2011 жылдары 216,3 млрд. теңгеге 22 инвестициялық жоба іске қосылып, 3635 жаңа жұмыс орны құрылды. 2012 жылдың 9 айының ішіндегі негізгі капиталға инвестициялар 2011 жылдың осындай кезеңінің деңгейіне қарағанда 266,6 млрд. теңгені немесе 101,3 пайызды құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін