Үкіметтік емес ұйымдар тұрғын үй заңнамасын сараптамадан өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік емес ұйымдар тұрғын үй заңнамасын сараптамадан өткізді

Үкіметтік емес ұйымдар тұрғын үй заңнамасын сараптамадан өткізді

Бүгінгі таңда біз Қазақстандағы тұрғын үй заңнамасын сараптамадан өткізіп, тиісті ұсыныстарды дайындап қойдық.

  • 16 Қараша 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өткен жиында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова осылай айтты.

Оның хабарлауынша, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры тұрғын үй саласындағы отандық заңнамаға сараптама жасап, оның халықаралық талаптарға сай етіп даярлаудың тетіктерін әзірледі. «Біз БҰҰ-ның баспана құқығы бойынша арнайы бандамашысының қатысуымен бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткіздік. Бүгінде арнайы баяндамашының барлық ұсыныс-кеңестері жинақталды. Оның бәрі нақты істерге бастау бола алады», — дейді З.Батталова.

Қоғамдық ұйымның жетекшісі атап көрсеткендей, бұған дейін Үкімет тарапынан жаңа Тұрғын үй кодексін қабылдау туралы ұсыныс жасалды. «Соңғы бес жыл бойы депутаттардың алдына баспанаға қолжетімді жағдай жасау мәселесі бойынша парламенттік тыңдауларды өткізу ұсынысы шығарылып келеді. Бірақ нақты нәтиже жоқ. Президент болса, бұл тұрғын үй мәселесін үнемі көтеріп, оның жүйелі түрде шешілуін күтіп отыр», — дейді З.Батталова.

Соңғы жаңалықтар