Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жыл сайын бөлінетін 1 млрд теңге тиімсіз пайдаланылуда - Савченко
![]() |
Алматы. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінеді, бірақ ол тиімсіз пайдаланылуда. Бұл туралы бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата Алматыда өткізген "Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жағдайындағы қоғамдық институттар" атты дөңгелек үстел барысында "Қазақстан |
тұтынушыларының ұлттық лигасы" қоғамдық қорының президенті Светлана Савченко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбайдың хабарлауынша, Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын жүзеге асыруға республикалық бюджетте 146 млн 900 мың теңге, жергілікті бюджеттерден - 1 млрд 112 млн 700 мың теңге қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін