Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бюджеттен 10 млн. теңге бөлінеді - ҚР ақпарат министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бюджеттен 10 млн. теңге бөлінеді - ҚР ақпарат министрлігі

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бюджеттен 10 млн. теңге бөлінеді - ҚР ақпарат министрлігі

ҚР ақпарат министрлігіндегі байқауда жеңіске жеткен Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін, 9-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ақпарат министрінің орынбасары Олег Рябченко мәлімдеді.

  • 9 Қазан 2003
  • 578
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, байқауға еліміздің барлық аймағынан 109 ұйым қатысып, 120 жоба қаралды. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған тәуелсіз сарапшылар тобының ұсыныстары негізінде байқау комиссиясы 20 жобаны жеңімпаз ретінде іріктеп алды,- деді вице-министр.

Жеңімпаздардың басым бөлігі Астана, Алматы, Ақмола және Алматы облыстары, Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істейді.
О.Рябченконың айтуынша, байқау жеңімпаздарын сыналтуда проблеманың өзектілігі ескерілді. Мәселен, оның айтуынша, бірқатар жобалар ауылдық аумақтарда семинарлар мен тренингтер өткізуді, ауылдарда үкіметтік емес ұйымдар құруды, халық-бұқараның азаматтық қоғам тұрғысындағы хабардарлық деңгейін арттыруды, ауыл әйелдерін қоғамдық қайнаған өмірге белсене араласуға ынталандыруды, экологиялық сенбіліктер өткізу және ұйымдастыруды, аймақтағы экологиялық тауқыметтерді шешуге жергілікті тұрғындарды жұмылдыруды көздейді.
«Біз осы санаулы жобаларды жүзеге асыру арқылы ғана еліміздегі барлық әлеуметтік түйткілдерді түбегейлі шешуді көздеп отырған жоқпыз. Бұл бар болғаны үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің осы бағыттағы алғашқы бірлескен қадамдары ғана»,- деді О.Рябченко. Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі одан әрі жалғасын табады деді О.Рябченко. Оның айтуынша, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әріптестігі — қоғамды одан әрі демократияландырудың маңызды бір алғышарты (талабы) болып табылады.

Соңғы жаңалықтар