Үкіметтік комиссия Бек Эйр ұшағы апатының негізгі себебін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік комиссия Бек Эйр ұшағы апатының негізгі себебін жариялады

Үкіметтік комиссия Бек Эйр ұшағы апатының негізгі себебін жариялады

Алматы түбіндегі ұшақ апатының себептерін зерттеген үкіметтік комиссия өз жұмысының қорытындысын жариялады

  • 10 Қаңтар 2020
  • 188
Фото - Caravan.kz

Үкіметтік комиссия Алматы түбіндегі Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебінің алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Ұшақтың сыртына мұздың қатып қалуы — негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған", — деп мәлім етті премьер-министрдің орынбасары, индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр. 

Комиссия ұшақтың сыртындағы қатып қалған мұзды еріту жұмыстары жартылай ғана жасалғанын анықтаған.

"Ұшақ командирі арнайы сұйықтықпен тек стабилизаторды ғана өңдеуге шешім қабылдады. Ұшақтың қанаттары өңделген жоқ. Ол күні Атырауға ұшқан тура сондай ұшақтың да сырты сұйықтықпен өңделмегені анықталды", — деді Скляр.

Оның айтуынша, бас кезінде апаттың төрт себебі болған. Олар – жүкті артық салу, сыртқы факторлардың (ауа-райының қолайсыздығы, жел бағытының өзгеруі, құйынды ағын мен қатқақ ) әсері, ұшқыштардың қателігі және әуе техникасының ақаулығы. Комиссия коммерциялық жүк салу жағынан тәртіп бұзушылықтардың болмағанын анықтады. Желдің бағыты өзгермеді. Екі минут бұрын көтерілген ұшақтың құйынды ізі де солға қарай ығысып кетті. Басқа себептер зерделеніп жатыр. Алайда қатқақтың болғаны анық. Себебі Fokker тұрақта екі тәулік бойы тұрды.

"Осылайша, метеорологиялық ақпарат пен борттағы жазу аппаратының параметрлік көрсеткіштері бойынша ұшақтың қатқақ болуы апаттың негізгі себебі болып табылады. Комиссия өз жұмысын жалғастырады", — деп атап көрсетті Скляр.


Соңғы жаңалықтар