Үкіметтің алдағы екі жылдағы басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеру - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтің алдағы екі жылдағы басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеру - Назарбаев

Үкіметтің алдағы екі жылдағы басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеру - Назарбаев

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің алдағы екі жылдағы басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеру. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Үкіметтің 2009-2010 жылдағы басты мақсаты — әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеруге саяды», — деді Н.Назарбаев.

«Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты мақсатын мен шешуші үш бағытта айқындаймын: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстан халқының әлеуметтік ауқатын қамтамасыз ету және экономиканы модернизациялау», — деді ол.

«Премьер-министр мен оның орынбасарлары осы үш саланың әрбір бағыты үшін дербес жауапкершілік жүктеп алуға тиіс. Халық өзінің кірістері мен салымдарының қорғауда екенін сезінуге тиіс. Дәл осы мақсат пен ғаламдық дағдарыс экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің маңызын айқындап береді», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар