12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астананың халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 дерегін жойды», — делінген хабарламада.
ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.