Украина әскеріндегі қазақ: Ресейдің ары қарай менің Қазақстаныма бет алмауы үшін де бар күшімді салуым керек - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина әскеріндегі қазақ: Ресейдің ары қарай менің Қазақстаныма бет алмауы үшін де бар күшімді салуым керек

Украина әскеріндегі қазақ: Ресейдің ары қарай менің Қазақстаныма бет алмауы үшін де бар күшімді салуым керек

Арқалықтың тумасы, ұлты қазақ Жасұлан Дүйсембин үш жыл бұрын Украинаға көшіп барып, қазір сол елдің әскері сапында Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жүр. Украиналық әйелмен шаңырақ құрған Дүйсембиннің екі баласы бар. Ол әлеуметтік желілердегі парақшаларында майдандағы ахуал туралы ой-пікірін жиі білдіріп тұрады.

  • 6 Маусым 2022
  • 1293
Фото - Caravan.kz

Azattyq-қа берген сұхбатында ол Украинадағы қазіргі ахуал туралы, не үшін соғысып жүргені туралы айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Украинада тұрып жатқанда осы елге террор жасап келген Ресеймен жағдайды зерттей бастадым. Менің екі балам бар, олардың бойында украин қаны бар. Құдай сақтасын, олардың амандығын қорғау – менің борышым. Бұған қоса, мен Ресейдің тек Украинамен тоқтамайтынын түсіндім. Сондықтан Ресейдің ары қарай менің Қазақстаныма бет алмауы үшін де бар күшімді салуым керек деп ойлаймын", — деді Жасұлан Дүйсембин.

Ол сондай ақ, қорқыныш туралы да айтып берді.


"Қорқыныш қашан да болады. Украинада соғыс жүріп жатқанына сегіз жыл болды. Сол кезден бері соғысып жүргендерде де қорқыныш бар. Бірақ, сені қорқыныш билей ме, әлде сен қорқынышты бағындырасың ба, маңыздысы сол. Күнделікті ұйқыдан оянғанда кеше не болғанын ойламаймын. Бұл – өзіме қойып алған дағдым. Мен бүгіннің тапсырмасы мен бүгін тірі қалуым керек деп ойлаймын" — деді ол.

Соңғы жаңалықтар