Украина азаматы Алматы-Ақтау ұшағының жолаушысынан қомақты ақша ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина азаматы Алматы-Ақтау ұшағының жолаушысынан қомақты ақша ұрлаған

Украина азаматы Алматы-Ақтау ұшағының жолаушысынан қомақты ақша ұрлаған

Ақтау халықаралық әуежайында Украинаның 29 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 676
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сейсенбі күні таратылған мәліметке сәйкес, өткен түні желілік ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Алматы – Ақтау ұшағының 39 жастағы жолаушысы Ақтауға келген кезде қол сөмкесінен 610 мың теңгенің жоғалғанын мәлімдеген.
Жедел іздеу шарасы барысында осы ұшақпен ұшқан 29 жастағы Украина азаматының ноутбугінің астынан ұрланған ақша табылған.
Қазір осы факті бойынша тексеру жүруде.