"Ресей Федерациясы Қырым аралында өзінің әскери күштерін күшейтіп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін онда 24 мың әскери қызметкер, 613 танкі және бронекөліктер, 162 артиллериялық жүйе, 100 шақты әскери ұшақ, 56 тікұшақ, 16 зымыран, 30 әскери су кемесі және 4 суасты кемесі бар", – деп мәлімдеді Киевте украиналық әскери мекеменің өкілі Вадим Скибицкий.
Ол сонымен бірге Ресейдің 2020 – 2025 жылдар аралығында Қырымға әскер санын екі есеге ұлғайтуды қарастырып отырғанын айтады.
Ресей тарабы бұл мәлімдемеге әзір жауап бермеді. Бірақ Ресейдің қорғаныс министрлігі Қырымда әскери оқу жаттығуы жиі өткізілетінін жасырмайды.