Украина ботанигі өзі сұрыптаған гүлге Димаштың атын берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина ботанигі өзі сұрыптаған гүлге Димаштың атын берді

Украина ботанигі өзі сұрыптаған гүлге Димаштың атын берді

Жаңадан алынған құртқашаш гүлінің түсі қардай аппақ, ортасында ашық қызыл-сарғылт түсті өзегі бар. Ғалымның айтуынша, ол Димаштың дауысы секілді ашық әрі саф таза.

  • 11 Шiлде 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ботаник Алла Черногуз 2018 жылы құртқашаш (ирис) гүлін сұрыптау арқылы жаңадан алған түрге қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің есімін берді деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ғалым Facebook-тегі әншінің фантобына жазба қалдырған. Алла Черногуз –Украиндағы құртқашаш гүлі одағын құрушылардың бірі.

Жаңадан алынған құртқашаш гүлінің түсі қардай аппақ, ортасында ашық қызыл-сарғылт түсті өзегі бар. Ғалымның айтуынша, ол Димаштың дауысы секілді ашық әрі саф таза.

2018 жылы алынған осы гүлдің тағы бір түріне Димаштың орындауындағы халық әні «Дайдидау» атауы бұйыпрыпты. Ол сондай нәзік, қызғылт түсті, салтанатты қалыптағы гүл.


Екі құртқашаш гүлі де THE AMERICAN IRIS SOCIETY тіркеуге алған. Тіркеу нөмірі — № 18-1029 и № 18-1041.

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Алла Черногуздың үйінде қонақта болып, оған кішігірім сыйлық жасап, алғысын білдірген. Сөйтіп Димаш атауындағы гүлдің ұрығын алып, өз бақшаларына отырғызған.

 
Соңғы жаңалықтар