Украина Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру туралы келіссөзді 2006 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Бүкіләлемдік сауда ұйымына  кіру туралы келіссөзді 2006 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр

Украина Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру туралы келіссөзді 2006 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Украинаның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі үкімет алдында тұрған басты мәселе. Бұл жөнінде Украниа премьер министрі Виктор Янукович парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 540
Фото - Caravan.kz

Премьер-министрдің айтуына қарағанда, министрлер кабинеті бұдан былай да осы бағытта оңтайлы жұмыс жүргізе бермек.

Бірақ, Януковичтің пікірінше, Украина ұйымға асықпай, сенімді болып кіруі керек. Үкімет басшысы сауда ұйымына кіру талабы Украина экономикасының барлық саласына тиімді болуы керек, міндетті түрде өтпелі кезең және ішкі нарықты сақтау қарастырылуы тиіс.

В.Януковичтің айтуынша, Украина үкіметі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру туралы тапсырысқа қатысты жұмысшы топпен арадағы келіссөзді 2006 жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Укранинаға Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру аясында Қырғызстан мен Тайваньның тауарлар мен қызмет көрсету нарығына өзара енуге жол ашу туралы хаттамаға қол қою ғана қалды. Оған қоса , сауда ұйымына кіруге қатысты тағы 14 құжатты парламент әлі мақұлдаған жоқ.

Сессия барысында сөйлеген сөзінде В.Янукович үкіметтің оң жетістікке қол жеткізуі үшін, парламент және президентпен белсенді жұмыс істеуі қажет деп атап өтті. Виктор Януковичтің сөзіне қарағанда, үкімет оппозиция өкілдерімен де бірлесе жұмыс істеуді көздеп отыр, олар министрлер кабинетіне «бақылаушы» болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта