Бүгін, 5-сәуірде ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков Украиналық әріптесіне еліміздегі ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы таныстырды. Сонымен қатар Украиналық өкілдер ҚР ІІМ мен Астана қалалық ІІББ-ның бірқатар нысандарын, соның ішінде шұғыл басқару орталығы, орталық полиция бөлімшесі, жол және көші-қон полициясы бөлімшелері, біріккен ит өсіру шаруашылығы питомнигі мен «Рубеж» бекетін аралады. Өкілдерге жеке басты идентификациялаудың биометриялық жүйесі мен «ТАИС-Ontos» жүйелері таныстырылды.
Ю.Луценко полицияның материалдық-техникалық әлеуетін нығайту және жоғарғы деңгейдегі құқық қорғау стандарттарын енгізуде қол жеткізілген нәтижелерді жоғары бағалады. Оның пікірінше, ҚР ІІМ қарқынды даму үстінде және Украинаның қазақстандық әріптестерінен үйренетіні көп.
Сонымен бірге З.Тұрысбеков пен Ю.Луценконың кездесуінде Қазақстан мен Украинаның ІІМ арасындағы қылмыспен күрес саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша ұйымдасқан қылмыс, халықаралық лаңкестік, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, заңсыз қару-жарақ айналымымен күрес және мамандардық кәсіби біліктілігін жетілдіру саласындағы тәжірибелік ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.