Украина кітаптағы қатеге қатысты Астанаға наразылық нотасын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина кітаптағы қатеге қатысты Астанаға наразылық нотасын жолдады

Украина кітаптағы қатеге қатысты Астанаға наразылық нотасын жолдады

Қатеден көз сүрінетін оқулықтар енді халықаралық дауға себеп болды! Бұл жолы еліміздің мектебінде оқытылып жатқан 10-шы сыныптың кітабында орфографиялық емес саяси қате кеткен. Яғни Украинаның аннексияланған Қырым аймағы Ресейдің бір бөлігі деп жазылыпты. Ресми Киев Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдап, бұған қарсылығын білдірді

  • 26 Қыркүйек 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы Украина елшілігі енді ресми Астанадан кітаптағы олқылықтың қалай кеткенін түсіндіріп беруді талап отыр. Даудың басы «Мектеп» баспасынан шыққан оқулықтан басталған. Онда Қырым автономиялық республикасы Ресей территориясы ретінде көрсетіліпті. Бұған шамданған Украина бұл Қазақстанның саяси ұстанамына сәйкес келмейді дейді. Өйткені, Астана Украинаның біртұтастығын қолдайтынын айтып талай мәлімдеме жасаған. Енді Киев қате кітаптарды мектептен мүлдем алып тастауды талап етуде. Әзірше, дипломатиялық жанжалға қатысты Астана жауап қатқан жоқ. Бірақ Білім және ғылым министрлігі дау тудырған оқулықты дереу тексеруді қолға алып, ондағы ақпаратқа сараптама тағайындаған. Айта кетейік, Ресей Қырым аймағын былтыр наурызда референудум арқылы деген желеумен Украинадан тартып алған болатын. Мұны Мәскеудің кейбір одақтастарынан басқа елдер мойындаған емес.

Соңғы жаңалықтар