Украина күзде ТМД-мен арада еркін сауда аумағы туралы келісімге қол қоюға үміттеніп отыр
Украинаның премьер-министрі Николай Азаров биылғы жылдың қазан айынан қалдырмай ТМД-мен арада еркін сауда аумағы туралы келісімге қол қоямыз деп үміттеніп отыр. "ТМД үкімет жетекшілері Кеңесінің отырысында жуық арада еркін сауда аумағы туралы келісімшарттың жобасы қаралған. Осы құжатқа қазан айынан кешіктірмей қол қоямыз деп сенемін", деді ол Мәскеуде сейсенбіде баспасөз мәслихатында. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін