"Украина мұнайгазы" ҰАК Түрікменстанға дейін газ құбырын тарту жөніндегі жаңа жобаны таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Украина мұнайгазы" ҰАК Түрікменстанға дейін газ құбырын тарту жөніндегі жаңа жобаны таныстырды

"Украина мұнайгазы" ҰАК Түрікменстанға дейін газ құбырын тарту жөніндегі жаңа жобаны таныстырды

"Украина мұнайгазы" ҰАК-ның өкілдері Түрікменстанға жасаған сапары барысында Түрікменстан, Қазақстан және Ресей аумақтарына дейін газ құбырын тарту жөніндегі жаңа жобаны таныстырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Украина мұнайгазы" ҰАК таратқан баспасөз баянынан мәлім болды.

  • 28 Қазан 2003
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Украина мұнайгазы» ҰАК басқармаларының төрағасы Юрий Бойко бастаған өкілдер Республика тәуелсіздігінің 12 жылдық мерейтойына қатысқан болатын. Ю.Бойко Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың қабылдауында болды.

Келіссөздер барысында тараптар газ саласындағы өзара екі жақты нтымақтастықтың дамуына қанағаттанғандық пиғыл танытып, табиғи газ беру және өзара есеп айырысу салаларындағы уағдаластықтардың нақты мерзімінде орындалып отырғанын атап өтті. С.Ниязов пен Ю.Бойко Украина мен Түрікменстан арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі, соның ішінде 2007-2031-жылдар аралығында Украинаға табиғи газ беру жөніндегі ұзақ мерзімді келісім-шартына қол қою туралы талқылады.
«Украина мұнайгазы» ҰАК-ның хабарлауынша, Украина жағы газ құбырын тартудың үш түрлі үлгісі мен жобалық ахуалдың алдын-ала талдауымен таныстырды.
Ю.Бойконың айтуынша, «Украина табиғи газ беру жөніндегі 25 жылдық шартқа отыруға, сондай-ақ, түрікмен газымен ұзақ мерзімді қамтамасыз ету жөнінде кепілдеме берілген жағдайда жаңа газ құбырын тарту жұмысына қатысуға әзір».

Соңғы жаңалықтар