Украина президенті Маңғыстау облысының әкімімен кездесуде мұнайгаз, химия және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастық туралы талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина президенті Маңғыстау облысының әкімімен кездесуде мұнайгаз, химия және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастық туралы талқылайды

Украина президенті Маңғыстау облысының әкімімен кездесуде мұнайгаз, химия және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастық туралы талқылайды

31-мамырда Украина президенті Виктор Ющенко ресми сапармен Маңғыстау облысына келеді. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Украина елшілігінің бірінші хатшысы Анатолий Чабан құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Мамыр 2005
  • 633
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сапар барысында Украина президенті Ақтаудағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы құрбандарының құрметіне тағзым етеді, сондай-ақ, Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченконың үй-мұражайында болады.

Сонымен бірге сапар барысында В.Ющенко Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовпен кездесуде Маңғыстау облысы мен Украина арасындағы мұнайгаз саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Соның ішінде құрал-жабдықтар мен құбыр саудасы, мұнай және газ тасымалдау мүмкіндіктері, Украина тарапынан мамандар жіберу, мұнайгаз саласына арнап Қазақстанға мамандар дайындап беру мәселелері талқыланады.
Ақтауда минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық кешенді қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық тақырыбын қозғау көзделіп отыр. «Украинада Ақтаудағы химиялық кешенді жаңалауға қомақты көмек көрсете алатын мамандар бар»,- деді А.Чабан.
А.Чабанның айтуынша, Украина президенті өз елі мамандарының Ақтау теңіз айлағын жаңалауға атсалысу, сондай-ақ, айлаққа арналған жабдықтарды беру, кеме жасау және теңізші мамандарды дайындау мәселелерін қозғайды деп күтілуде.
Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы мұнайгаз кеніштерін игеруге Украинаның да қатысу мүмкіндігі сарапқа салынады. Бұдан бұрын да хабарлағанындай, «Украина мұнайгазы» ұлттық акционерлік компаниясының басқармалары төрағасының орынбасары Александр Киселев былтырғы жылдың ақпан айында Киевте АҚШ-тың American International Petroleum Corporation (AIPC) компаниясының ізбасары Caspian Gas Corporation компаниясы кенішті игеруші бірлескен кәсіпорын құру жоспары туралы айтқан. АҚШ-тың бұл компаниясы қазір Шағырлы-Шөмішті кенішін игеруде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Украина президенті бүгін, 30-мамырда елімізге ресми сапармен келеді. Украина басшысы алдымен Астанада болып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және сенат төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездеседі. 31-мамырда В.Ющенко Ақтауға келеді.

Перейти к новостям спорта