Украина президенттігінен үміткер В.Ющенко В.Януковичтен 3 млн. дауыспен алда келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина президенттігінен үміткер В.Ющенко В.Януковичтен 3 млн. дауыспен алда келеді

Украина президенттігінен үміткер В.Ющенко В.Януковичтен 3 млн. дауыспен алда келеді

Бүгін, 27-желтоқсанда Украина Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 84,69 процентін өңдеп, 23 млн. 793 мың 395 сайлаушының дауысын санады,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 327
Фото - Caravan.kz

Украина президенттігінен үміткер Виктор Ющенко 17 округ бойынша Виктор Януковичтен 3 млн. дауыспен алда келеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, В.Ющенко үшін сайлаушылардың 54,26 проценті, немесе, 13 млн. 350 мың 976 адам дауыс берген. Ал В.Януковичті сайлаушылардың 41,95 проценті немесе 10 млн. 323 мың 497 адам қолдады. Сайлаушылардың 2,37 проценті екі үміткерге де қарсы дауыс берген.
Орталық сайлау комиссиясының сарапшылары атап көрсеткеніндей, президенттіктен үміткер екі адамның арасындағы дауыс айырмашығы шамалы ғана өзгеруі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, В.Янукович енді В.Ющенконы қуып жете алмайды.
Бұдан сәл ертерек В.Януковичтің Орталық сайлау комиссиясындағы өкілі Нестор Шуфрич егер сайлауда В.Янукович жеңіліс тапқан жағдайда ол парламенттегі оппозицияны басқаратын болады деп мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ штаб тарапынан сайлау қорытындысына қарсы сот арқылы дау-дамай жалғасу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

Перейти к новостям спорта