Украина Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі кандидатурасын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі кандидатурасын қолдайды

Украина Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі кандидатурасын қолдайды

Украина Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ниет білдірген Қазақстанның кандидатурасын қолдайды. Бұл туралы Украина президенті Виктор Ющенко Киевте Қазақстанның осы елдегі елшісі Амангелді Жұмабаевпен кездесуде атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің хабарлауынша, Киевтегі кездесуде тараптар Қазақстан-Украина екі жақты ынтымақтастығына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасты. «Украина екі жақты саяси диалогты одан әрі жалғастыруға, екі жақты және көпжақты негізде түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатты дәйекті түрді жүргізетін болады»,- деді В.Ющенко. Президенттің айтуынша, Украинаның басшылығы өз елінде Қазақстан бизнесінің алға баса беруіне қолдау көрсету үшін бәрін істейтін болады.

Қазақстан елшісі сұхбаттасына Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы соңғы жетістіктері туралы жан-жақты мағлұмат берді. Ол ел ішіндегі негізгі саяси құбылыстар, Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы өзекті бағыттар туралы және президент сайлауына дайындық туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында Украина лидері Қазақстан мемлекет басшысының атына жазылған шақыруды табыс етті.

Перейти к новостям спорта