«1943 жылы ол жалғыз өзі жау шабуылын тоқтатып, жүздеген бейбіт өмірді аман сақтап қалды. Ризино ауылында сол шайқас пен Қазақстан солдатын әлі күнге дейін еске алады», — деп хабарлайды агенттік.
Жеңістің 63 жылдығы мен Украинаның Қазақстандағы жылының құрметіне Ризинода батыр Мүткеновке гранит ескерткіш орнатылды. Бауырластар зиратындағы ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының патриоттық экспедициясы да қатысты», — деп хабарлайды агенттік.
«Ризинода қазақ дәстүріне сай барлық қаза тапқан әскерлерді еске алу ретінде дастархан жайылды. Енді келер жылы Украинаның оқушылары Қазақстанға келмек», — деген ақпарат ұсынды агенттік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті