Украинада 2020 жылға қарай Үлкен энциклопедияны басып шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада 2020 жылға қарай Үлкен энциклопедияны басып шығарады

Украинада 2020 жылға қарай Үлкен энциклопедияны басып шығарады

2013-2020 жылдардың ішінде Украинада Үлкен украин энциклопедиясы басылып шығады. Тиісті Жарлыққа Украина Президенті Виктор Янукович қол қойды, деп хабарлады Укринформ Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қаңтар 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

«Адамзат өркениетінің дамуы туралы ғылыми білімдерді, сондай-ақ әлемдік тарих пен мәдениетке Украинаның қосқан үлесін сақтау, жүйелеу және тарату мақсатында Украина Ұлттық ғылым академиясының 2013-2020 жылдар ішінде Үлкен украин энциклопедиясын әзірлеу және бастыруға қатысты ұсынысын қолдауға қаулы етемін», делінген құжатта.

Жарлыққа сәйкес Министрлер Кабинеті екі айдың ішінде әзірлік шаралары жоспарын жасап, Үлкен украин энциклопедиясын қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Энциклопедияны әзірлеу мен бастыруға ғылыми және әдістемелік басшылық етуді Ұлттық ғылым академиясының құрамында құрылатын оның бас редакциялық алқасы жүзеге асыратын болады.