Украинада парламент сайлауының нәтижесі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада парламент сайлауының  нәтижесі жарияланды

Украинада парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

Украинада кешегі парламент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды. Алдын ала шығарылған мәлімет бойынша, бұл жолы Жоғарғы Радаға өтуге 5 партия қажетті дауысты жинаған.

  • 30 Қазан 2012
  • 253
Фото - Caravan.kz


Әзірге 36 пайыз дауыспен «Аймақтар» партиясы алда келеді. Билік партиясынан кейінгі орында түрмедегі экс-премьер Юлия Тимошенко жақтастары. «Батькивщина»-ға сайлауға қатысқандардың 21 пайызы қолдау көрсеткен. Коммунистер 15 пайыз, әйгілі боксшы Виталий Ключконың «Соққы» партиясы 12 пайыз дауыс жинады. Жоғарғы Радаға сондай-ақ ұлтшылдардың «Бостандық» партиясы да өтіп отыр. Олардың еншісінде 7 пайыз дауыс.

Соңғы жаңалықтар